Ресейде балаларына жыныстық сипаттағы әрекет жасап, күйеуін өлтірген әйел сотталды

Сот үкімі, Ресей, күйеуін өлтіру, балаға тиісу, әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 18:51 Сурет: pixabay
Ресейде Новосибирск облыстық соты балаларын қорлап, күйеуін өлтірген әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымы мәліметтері бойынша, ол жалпы режимдегі колонияда 16 жылын өткеретін болды.

"Қылмыстардың жиынтығы бойынша бір жыл мерзімге бас бостандығын шартты түрде шектей отырып, жалпы режимдегі колонияда 16 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалды", – деді аймақтың жалпы юрисдикциясы соттарының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 2022 жылдың жазында өз үйінде 36 жастағы әйел екі балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Сол жылдың күзінде ол жанжал кезінде күйеуінің басынан 10 рет балтамен ұрып, мерт қылған. 

Бұған дейін Алматыда жол бойында электр желісі тірегінде асулы күйдегі ер адамның денесі табылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: