Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында күйеуін пышақтап, денесін бөлшектеген әйел сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2024 13:08 Сурет: otyrar
Түркістан облысында күйеуін пышақтап, денесін бөлшектеген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен, 190-бабы 1-бөлігімен сотқа берілген М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайы:

2023 жылы 10 тамызда сотталушы М. Сарыағаш ауданында өзінің тұрғын үйінің асхана бөлмесінде заңды некедегі жұбайы жәбірленуші А.-мен  қарбыз жеп отырып, жұбайының "TikTok әлеуметтік желісіне неге түсіп жүрсің, енді кірмейсің" деп шектеу қойғанына, алдына жақындап ұрсып айқайлағанына шыдамай, сотталушы М.-ның ойына адам өлтіру қылмыстық ниеті пайда болып, жәбірленуші М.-ның мойын тұсына бір рет пышақ сұққан, әрі қарай қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу мақсатында құқыққа қарсы аса қатігездікпен қазаға ұшырату ойымен соңғының жерге құлап мойнынан қан атқылап жатқанын көріп пышақты іш тұсына сұғып, сол бөлмеде жерде жатқан таспен бірнеше рет басынан ұрған, әрі қарай қылмысын жасыру үшін көршісінің үйінен дыбыс шығаратын колонканы алдырып, үйінің алдына ән қосып, жәбірленуші А.-ның денелерін бірнеше бөлікке бөлшектеп, оларды бөшкеге салған. Қылмыстық құқық бұзушылығын жасыру мақсатында бірнеше таныстарына өтініш айтып, солардың автокөліктерімен тасып, Келес өзеніне ағызып жіберіп, сол жерден бой тасалаған.

Сонымен бірге, сотталушы М. қылмыстық құқық бұзушылық іс әрекетін әрі қарай жалғастыра отырып, жұбайы жәбірленуші А-ға тиесілі автокөлікті оның танысы С.-ға алдап 2 300 000 теңгеге сатып, соңғыға материалдық шығын келтірген.

Тараптардың позициясы:

Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, М.-ға ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен, 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып оған түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын өтеуге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгілеуді сұраған.

Сотталушы кінәсін мойындады.

Сот үкімі

Сот үкімімен сотталушы М.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен, 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 15 (он бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленген.

Сонымен бірге, сотталушы М.-ның заңды некеден 15.11.2010ж.т. Ә., 15.07.2012 ж.т. А., есімді жас балаларын қамқоршлылық немесе қорғаншылыққа беру мәселесін шешу үшін "Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі" ММ-нің қамқоршылық немесе қорғаушылық функциясын жүзеге асыру органына жолдау туралы қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: