Демалыс күндері Қазақстанда күн суытып, қар жауады

1obl.ru 1obl.ru
"Қазгидромет" РМК 27-29 қазан күндеріндегі ауа райына болжам жасады

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстанда ауа райы бұзылады. Суық атмосфералық ағымдармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына ығысып, демалыс күндері шығыс бағытта қарай жылжиды.

"Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, еліміздің барлық аумағында ауа температурасы төмендейді", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" қазанның жиырмасынан кейін күн қатты суытатынын ескерткен еді. Синоптиктердің болжауынша, бұл кезде солтүстікте күндіз 5 градус, ал түнде 13 градусқа дейін аяз болады; ал оңтүстікте түнде бес градусқа дейін суытса, күндіз 18 градус жылы болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз