Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 24-26 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Басқа күндерде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
"Өткен тәулікте Батыс Алтай, Тарбағатай және Жетісу Алатауы тауларында жауын-шашын жалғасты. Жауған жауын-шашын қар көшкіні жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Бұрқасын мен жел соққан жоқ", — делінген хабарламада.
Алдағы үш тәулікте (24-26 ақпанда) Қазақстанның таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіні болжанып отырған жоқ. Қар көшкінін болдырмас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript