Астанада ТКШ-ны дамыту бойынша өңірлік конференциясы өтті

www.zakon.kz www.zakon.kz
ҚР ИДМ Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығн дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов заң жобасына негізгі тұжырымдамалық өзгертулер туралы айтты.

Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «ТКШ-ны дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС ұйымдастырған өңірлік конференция өтті. Конференцияның өңірлерде, қалаларда және аудандарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың проблемалары мен келешегі бойынша диалог пен пікірталас алаңын құру мақсатында өтті деп хабарлайды zakon.kz.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-11/thumbs/1541157052_foto-2-1.jpg

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер әзірленді. ҚР ИДМ Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығн дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов заң жобасына негізгі тұжырымдамалық өзгертулер туралы айтты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-11/thumbs/1541157115_foto-3.jpg

Бұлар – меншік иелерінің бірлестігін құру, көппәтерлі тұрғын үйлерді (КПТҮ) күрделі жөндеуге қаражат жинау тетігін регламенттеу, пайдалану шығындарының ең аз мөлшерін белгілеу, жергілікті атқарушы органдардың жаңа өкілеттіктерін енгізу, лифтілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық реттеу, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін жетілдіру және тағы басқалар.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-11/thumbs/1541157119_foto-11.jpg

Заң жобасының жаңалықтарының бірі тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу болып табылады, ол республикалық деңгейде саланың барлық деректерін жүйелеуге және ТКШ саласында бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз