«ТКШ Қазорталығы» АҚ Германиядағы әріптестермен бірлесіп ҚР ТҮКШ саласына инновацияларды енгізетін болады
Zakon.kz
Тараптар Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту мақсатында өзара қарым-қатынас жасау жолдарын талқылады.
«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқармасының Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев Неміс тұрғын үй компаниялары мен жылжымайтын мүлік компаниялары федеральдық одағының (GdW) президенті Аксел Гедашкомен және «Шыңыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO e.V.) бастамасының директоры Кнут Хёллермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту мақсатында өзара қарым-қатынас жасау жолдарын талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес, компаниялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жалпы стратегиясы, тұрғын үй қорын басқару саласындағы ҚР заңнамасын, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобаларды жетілдіру, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобаларды бірлесіп іске асыру, сонымен бірге ТКШ жаңғырту үшін инвестицияларды және гранттарды тарту секілді бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.
Нұрсұлтан Жиенбаев «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарымен неміс әріптестерін ақпараттандырды және Қомпанияның жақын жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары туралы айтып өтті.
«Өзіміз білетіндей, Германияның, тұрғын үй қорын басқарудағы айқындықты арттыруда, тұрғын үй қорының энергетикалық санациясын жүргізуде, сондай-ақ аталған сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауда тәжірибесі мол. Осыны ескере отырып, біз жұмысты ТКШ жаңғырту жөніндегі жалпы стратегияны даярлау, тұрғын ғимараттардың энергия тиімділігі стандарттарын, сондай-ақ ТКШ саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша бастауды ұсынамыз.», - деп атап көрсетті ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript