Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да түрмеден қашпақ болған тұтқын ұсталды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 17:38 www.inform.kz
Оқиға демалыс күні болған.

Ұлттық ұлан жауынгері қатаң режимдегі түзету мекемесінен қашпақ болған тұтқынды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға демалыс күні болған. Половинка кентіндегі №65 түзету мекемесін күзетіп тұрған сарбаз қашуға бет алған тұтқынды көреді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөлім жауынгері әуелі қарауыл басшысына жедел хабар беріп, тұтқынға дауыстап ескерту жасаған. Алайда сарбаздың ескертуіне қашқын құлақ аспаған. Ескерту алаңынан асып, бақылаушылар соқпағына өтіп кеткен. Жауынгер Асхат Медет осы кезде тағы да «Тоқта, артқа қайт» деп, дауыстап белгі береді де, артынша дабылды іске қосады. Тұтқын тоқтамастан қоршауға беттей берген. Тіпті ішкі бақылау соқпағына аяқ басып үлгерген. Осы кезде сарбаз «Тоқта, атам» деп айқайлап, әуеге оқ атады. Мылтық дауысын естіген қашқын бағытын өзгертіп, басқа қосынға қарай қашады.

«Жасақтың шалт қимылының арқасында тұтқын қоршауға жете бере ұсталды. Қазір ол тәртіптік изоляторда. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган өкілдері анықтайды» -дейді «Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: