Қазақстанда «Электрондық үй кітапшасы» құрылды

www.inform.kz www.inform.kz
Тіркелгені туралы мәліметтерді әрбір азамат, ал тұрғын үй иесі – оның мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ХҚКО немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде ала алады.

ІІМ Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері, «Азаматтар үшін үкімет» Мемкорпорациясымен бірлесіп, ағымдағы жылғы қазаннан бастап «электрондық үй кітапшасын» қолданысқа енгізді. Бұл туралы zakon.kz, Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз-қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тіркелгені туралы мәліметтерді әрбір азамат, ал тұрғын үй иесі – оның мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ХҚКО немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде ала алады.

Портал арқылы мәліметтер алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бірреттік парольдің көмегімен қол қойылған электрондық сұрау салу, егер ұялы телефонның нөмірі Азаматтардың мобильді базасында тіркелсе, «электрондық үкімет» порталдың есептік жазбасына сұрау салу қажет.

Сонымен бірге, «электрондық үй кітапшасында» нақты жылжымайтын мүлік объектісіне анықтамада көрсетілген адамдар туралы мәліметтер мекенжайды тіркеу кодының мекенжай мәліметтері болған жағдайда беріледі.

Қазіргі уақытта ІІМ мекенжайды тіркеу кодын автоматтандырылған түрде енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.Бүгінгі күні халықтың 50% астамының мекенжай мәліметтеріне мекенжайды тіркеу коды енгізілді, осы жұмыс жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

Автоматтандырылған түрде мекенжайды тіркеу кодын енгізу барысында сәйкессіздіктер немесе дұрыс емес мекенжай мәліметтері анықталған кезде азаматтарға мекенжай деректерін түзету үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз