Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабардар ететін болады

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2018 16:15 elorda.info
Бүгінгі күні деректер базасында Мекенжайды тіркеу коды бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 млн жуық азаматында бар, «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізілуде.

Тұрғын үй иелерін оның жылжымайтын мүлік объектісінде тіркелген азаматтардың саны туралы хабардар ету сервисі электрондық үкімет порталында қолжетімді болады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

​«Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталына СМС-хабарлама, мобильді қосымшалар жолдау арқылы, төлеу терминалдары, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте, нотариустың жылжымайтын мүлік объектісін сатып алушыға сатып алу-сату шартын ресімдеу кезінде сатып алуға жататын тұрғын үйде тіркелгендер саны туралы хабарландыру сервистері әзірленуде», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні деректер базасында Мекенжайды тіркеу коды бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 млн жуық азаматында бар, «электрондық үкімет» порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізілуде. Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке «электрондық үй кітапшасын» құруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіне отырып, оның мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады.

Сонымен бірге, мекенжай бойынша тіркелгендер туралы анықтама беру кезінде проблемалы мәселелер туындап жатыр. Осылайша, анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетілуде. Бұл мәселелер уақытша жағдай ғана.

Осыған байланысты қайтыс болғандарды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізілуде.

Тұрғын үй иесі үйінде тұрмайтын адамдарды ХКО, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ егер «электрондық үкімет» порталының мобильді азаматтар базасында тұрғын үй иесінің мобильді телефон нөмері тіркелген жағдайда бір реттік парольдің көмегімен тіркеуден шығара алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: