Қазақстанда жүктілік және босану бойынша төлем: өтінішті қайда және қалай беруге болады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҰАТ мәліметінше, болашақ аналар жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемге өтінішті egov.kz порталы және eGov mobile қосымшасы арқылы бере алады.
"Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні. Төлем тағайындалғаны туралы және оның сомасы көрсетілген хабарлама немесе бас тарту жөніндегі дәлелді жауап egov.kz порталындағы жеке кабинетке және eGov mobile қосымшасындағы "Хабарламалар" бөліміне жіберіледі", – деп нақтылады компанияның баспасөз қызметі.
eGov.kz порталында жүктілік және босану бойынша төлемге қалай өтініш беруге болады?
ҰАТ өкілдерінің айтуынша, онлайн өтінішті сәтті беру үшін медициналық ұйым еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (аурухана парағы) туралы мәліметті Жүкті әйелдер тіркелімі жүйесіне енгізуі қажет. Сонымен қатар болашақ ананың Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі электрондық мәліметтері жұмыс берушінің кадр қызметі тарапынан толтырылуы тиіс.
Айта кетейік, 2026 жылғы 2 наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақы көлемі туралы мәлімет берген болатын.