Талғат Қалиев Елбасы мақаласына: Ата-бабаларымыз эволюцияны жасаушылар болған

hommes.kz hommes.kz
Қазақстандық аудиторияның арасында тарихи тақырыпқа пікірталастар жиі жүргізіліп келеді.

Танымал қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тілшісі.

"Қазақстан Президентінің терең әрі көлемді тарихи зерттемелерді іске қосу бастамасы оның мықты саяси интуициясы мен әлеуметтік тілек сезімін куәландырудың кезекті мысалы болды. Қазақстандық аудиторияның арасында тарихи тақырыпқа пікірталастар жиі жүргізіліп келеді. Алайда көптеген жағдайда олардың тереңдігі кеңестік заманды бағалау, миллиондаған адамның өмірін әкеткен ашаршылық себептерін большевиктерден көру, жоңғар шапқыншылығы кезеңін талқылаумен шектеледі", - деді өзінің Telegram-арнасында Талғат Қалиев.

Оның айтуынша, бүкіл тарих ұлттық трагедия мен күйзеліс призмасы арқылы бағаланып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеге жауап ретінде әлеуметтік тілекке ғана жауап беріп қоймай, басқамен салыстыруға болмайтын ауқымды кезеңді қамтуды ұсынған сапалы жаңа күн тәртібін шығарды.

"Ол бұқаралық көңіл-күйді қалыптастыру және жалпы қоғамдық векторды қалыптастыру тұрғысынан алғанда ерекше маңызға ие. Егер бұрынғы парадигмада тарихқа жеңіліс тауып, күйзеліске ұшыраған, яғни негативтік көзқарас сезілсе, оны терең зерттеу және тарихи көкжиектерді кеңейту кезінде түбегейлі өзгеше ұғыну, бағалаудың позитивті векторын қалыптастыру мүмкіндіктері ашылады. Жеңістер мен жетістіктерді, технологиялық даму деңгейін, өркениетті дамытудағы рөлін бағалауға орын беріледі. Біздің ата-бабаларымыз мәдени, интеллектуалды және технологиялық эволюциядан тыс қалған емес, олар сол эволюцияға елеулі үлес қосып, оны жасаушылар болған", - деп атап өтті сарапшы.

Ол осындай позицияның ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы үлкен рөлін атап өтті.

"Бұл көзқарас тұрғысынан аталған мақала - Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үйлесімді жалғасы, себебі өткенді ұғыну толыққанды ұлтты қалыптастыру үшін маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Оны іске асыру жолында біз қазіргі әлемде әйгілі болып табылатын тарихты мифтендіру, фактілерді эмоциялық және популистік түсіндіру жолымен жүрмей, терең ғылыми зерттеулерге, мықты архив, терең білімді қалыптастыруға жүгінгеніміз қуантады", - деді Т.Қалиев.

Оның пікірінше, Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел Президенті ретінде емес, Ұлт көшбасшысы ретінде көтеріп отыр.

"Ол осы статусқа (мәртебеге) институттық немесе саяси мән емес, қазіргі ұрпақты жүйелі тарихи процеске енгізе отырып, мыңжылдықтар көкжиегіндегі ұрпақ жалғастығын қалыптастырар философиялық-адамгершілік маңыз береді", - деп ой түйді саясаттанушы.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз