Жаңалықтар тізбегі
0

Дота қыздарға арналған ойын емес. Әлия "ABQueen" Бекбаева қалыптасқан стереотиптерді бұзуда

Париматч сарапшысы болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 17:23 Сурет: parimatch.kz
Айбек Тоқаев пен Әлімжан Исламбековтың жетістіктеріне қарап, қазақстандық жастар арасында киберспорттың танымалдығы артып келеді.

Тек жігіттер арасында ғана емес, қыздар арасында да. Танымал стример және косплейер Әлия Бикбаева Дота ойнау арқылы мансап құруға болатындығы туралы бөлісті.

Әлия - әлеуметтік желілерде аниме мен онлайн ойын кейіпкерлеріне киініп, танымал болған жан. Бірақ нәзік жанды ару болып көрінгенмен, Дота ойынында жойып, үстемдік етуге дайын құмар ойыншы болып отыр. "ABQueen" лақап атымен Бекбаева өзінің Twitch-тегі оқиғаларын үнемі көптеген аудиторияның қуанышына бөлейді. Бұл әлемге қалай келгені туралы біз "патшайымның" өзімен сұхбаттасып, білдік.

Сіздің киберспорт пен косплейге деген құштарлығыңыз қалай басталды? Осыдан мансап жасауға болатынын қай сәтте түсіндіңіз?

Мен Dota ойынын 2017 жылы кездейсоқ бастадым. Сабақ арасындағы үзілістерде менің сыныптастарым компьютерлік клубқа барып жүрді, менің ішім пысқан соң, олармен бірге бардым. Олар маған үйретулерін өтіндім, бірақ менің өтінішіме жігіттер "Дотада қыздарға орын жоқ" деп күлді. Екі жыл уақыт өткен соң, мен олардың кез-келгенінен жақсы ойнай алатын болдым.

Дотаның ойыншыларымен танысқан кезде менің бұл ойынға деген құмарлығым одан бетер арта түсті. Бірде олар мені бірлесіп жергілікті турнирге қатысайық деп шақырды. Біз жеңіске жетіп, ақшалай сыйлық алдық. Сол сәттен бастап, мен киберспортпен кәсіби түрде айналысқым келетінін түсіндім.

Сіздің ойыңызша, стриминг Қазақстанда қаншалықты танымал? Сіздің арнаңыз басқалардан несімен ерекшеленеді?

Біздің елімізде киберспорт пен стримингтің барлық салалары енді дамып келеді. Әркім өзіне контент таба алады немесе өз қалауы бойынша контент жасай алады. Мысалы, мен негізінен жай ғана Дота ойнаймын, алайда, мені қолдайтын өз аудиториям бар. Мен чатта сөйлескенді ұнатамын, стримдерімді үнемі тамашалайтындардың барлығы мен үшін өзінше қымбат.

Сіз бастаушы стримерлерге қандай кеңес бере аласыз?

Арнаны танымал етудің бірнеше нұсқасы бар. Біріншісі - жақсы "байт" ойлап табу (ескерту: алдамшы шырға). Ол неғұрлым қызықты болса, соғұрлым көп адамдар сіздің арнаңызға жазылады. Тәжірибе жасаудан және көз үйренбеген әрекет етуден қорықпаңыз! Екінші нұсқа - басқалар сізге қарап ойнауды үйренуі үшін жетілдірілген ойыншы болу. Үшіншісі-көзді тамсандыра алатындай өте әдемі адам болу.

Косплей туралы не деуге болады? Кейіп жасау көп ресурстарды қажет ете ме? Ең сүйікті деп қайсысын айта аласыз?

Мен барлық косплейлерімді бірдей жақсы көремін, сондықтан бөліп-жарып айта алмаймын. Менің ойымша, Дота-2-ден шыққан "Виндрейнджерді" атап өткім келеді, өйткені бұл менің алғашқы бейнем. Оның құны 120 мың теңге болды, бірақ одан да қымбатырақ бейнелер бар. Жалпы, косплей деген арзан дүние емес. Менің костюмдерім бір ай немесе одан да көп уақытқа тапсырыс бойынша жасалған. Бірақ сіз басқа адамға немесе кейіпкерге айналғанда сезінетін сезімдер барлық жұмсалған қаражатқа тұрарлық.

Жақын болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Көңілді тәжірибе, жаңа көкжиектер және мансаптық өсу. Мен Қазақстанда киберспортты дамытуға белсенді түрде қатысқым келеді. Ол үшін мен тіпті өзіме Parimatch сияқты керемет серіктес таптым. Брендтің құндылықтары мен сипаттамалары маған сәйкес келеді, атап айтқанда олардың алған бағытының батылдығы ұнайды. Бізде бірлесіп жасаған көптеген қызықты жобалар болатынына сенімдімін. Сондықтан менен жақсы жаңалықтар күтіңіздер!


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: