Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте нәрестенің асқазанынан сынап шықты

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2018 15:54 azh.kz
Белгісіз заттың бала ішіне қалай түскенін дәрігерлер де, ата-анасы да білмей дал болған.

Шымкентте екі айлық нәресте ағзасынан көп мөлшерде сынап табылды. Анасының айтуынша, қауіпті зат баланың ішіне тамақпен түсуі мүмкін. Өйткені, сәбиге соңғы кездері дәріханадан алған құрғақ быламық берілген. Бұл туралы zakon.kz, Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Маржан Сманова екі айлақ баласы әлсіреп, толассыз құса берген соң, 29 қараша күні ауруханаға түседі.

Баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған. Палатаға ауысып, сәбидің жөргегін ауыстырған келіншек нәжіс арасынан сынаптардың домаланып шашырай төгілгенін көреді.

Белгісіз заттың бала ішіне қалай түскенін дәрігерлер де, ата-анасы да білмей дал болған. Тек екі күннен соң, сұйық металдың қайдан келгені анықталды. Маржанның айтуынша, дәріханадан сатып алған құрғақ быламықтың ішінен дәл сондай сынап шыққан.

Маржан СМАНОВА, СӘБИДІҢ АНАСЫ: Күйеуім 2-сі күніне звондап тұр жаңа смесьті ашқан үйде. Сөйтсе соның ішінен шығып тұр ғой. Майда да, бір-біріне бірігіп-бірігіп үлкен болып тұр. Сынап шықты соның ішінен. -Демек бірнеше пачкасын алып па едіңіздер? -Екеуін алып келген. Чегін де сақтап отыр. Ол күйеуімде бар. Оны біз қазір берген жоқпыз. Біз больницадағы смесьті ішіп отырмыз.

Нәрестенің ағзасында сынаптың болғанын дәрігерлер де растап отыр. Баланың өкпесін рентгенге түсіру кезінде оның асқазан тұсында бөгде зат барын байқаған. Дегенмен, дәрігерлер баланың қайта-қайта құсуын қосымша тамаққа үйрене алмау деп топшылаған.

Гүлжанат НАУРЫЗОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз қарап оны сынаптың бөлшектеріне ұқсаттық. Сонымен токсиколог маман шақырдық. Токсиколог дәрігердің қатысуымен дәрігерлік консилиум жасадық. Токсиколог маман көрді. Өзінің кеңесін берді. Кеңесінде ол сынпатың бөлшектері баланың ағзасына ешқандай зияны жоқ, өміріне ешқандай қауіп төндірмейді, қанына, яғни, сіңбейді баланың.

А. Төребекқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: