Батыс Қазақстанда 41 жастағы тұрғын кәріз құдығына құлап, қайтыс болды
Тoday.kz
Азаматтың кәріз құдығына қалай түсіп кеткенін ешкім көрмеген. Өйткені дала қараңғы болған.
Батыс Қазақстан облысында 41 жастағы тұрғын кәріз құдағына құлап, қайтыс болды. Оқиға 9 сәуір күні түнгі 11-лер шамасында болған, деп хабарлайды Today.kz.
Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановтың айтуынша, азаматтың кәріз құдығына қалай түсіп кеткенін ешкім көрмеген. Өйткені дала қараңғы болған.
"Ер адам кафеден шығып, беті ағаш тақтайшалармен жабылған кәріз құдығына түсіп кеткен. Өзі ол жерден шыға алмаған соң, батып кеткен", – дейді аудан әкімі.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 1977 жылы дүниеге келген Зеленовский ауданының тұрғыны екен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript