Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жас келіншекті тірідей көміп тастаған тұрғындар сотталды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2018 21:14 www.inform.kz
Танысының туған күнін тойлауға келген бір топ жігіттер сол отырыста танысқан бір келіншекті далада әбден ұрып-соққан.

Шымкентте жас келіншекті тірідей көміп тастаған тұрғындар сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыстық оқиға ағымдағы жылдың наурыз айында Шымкенттің іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайында болған еді.

Танысының туған күнін тойлауға келген бір топ жігіттер сол отырыста танысқан бір келіншекті далада әбден ұрып-соққан.

Тіпті денесін өртеп, қылмыстарын жасырмақ ниетпен оны тірідей жерге көміп тастаған. Артынша араға бір апта салып, қылмыскердің бірі өз еркімен полицияға келген.

Болған жәйттің бәрін айтып, сыбайластарын да ұстап берген.

«Жанар жағармай бекетінен 5 литр бензин алып, әйелдің үстіне құяды. Сіріңкемен жандырып, ізінше сөніп қалады. Осы іс бойынша жасалған сот медициналық сараптамаға сәйкес, әйелдің басынан таспен ұрған кезде де, оған от жаққан кезде де және пышақпен ұрып жатқан кезде де ол әлі тірі болған»,- дейді судья Әбинұр Қарабаев.

Қылмыстық істі жан-жақты зерделеген мамандандырылған ауданаралық соты бес айыпталушының бірін он бес жылға бас бостандығынан айырды.

Оның үш сыбайласын жасаған іс әрекеттеріне сәйкес, бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды. Ал, басты күдікті ретінде танылған ер адам әлі күнге іздеуде жүр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: