Жаңалықтар тізбегі
0

3 әкім мен 3 министр Елбасы қолынан орден алды

ктк, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2018 18:06 ктк
"Құрмет" орденімен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов марапатталды.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 3 әкімге "Парасат" орденін және 2 министрге "Құрмет" орденін және 1 министрге "Құрмет" орденін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, "Парасат" ордені Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановқа, "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогокалық университеті" РМК ректоры Такир Балықбаевқа, "ҚР Президентінің Телерадиокешені" КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожинге, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке, "Uniserv" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Сәтбек Нұрғазыға және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа берілді.

Ал "Құрмет" орденімен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, "Қазақ ұлттық хореография академиясы" КЕАҚ оқытушысы Людмила Макарцева, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиева марапатталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: