Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 6,4% өсті

14 Желтоқсан 2018, 15:31
Сурет: 7kun.kz

2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстандағы бөлшек сауда көлемі 8845,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 6,4 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тауар саудалаушы кәсіпорындардың бөлшек саудасы өткен жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 10,8% артқан, оның ішінде базарда сауда-саттық жасаушы кәсіпкерлер саудасы 0,9 пайызға артты. Осы жылдың 1 желтоқсанындағы ақпарат бойынша, сауда кәсіпорындарының (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек сауда бойынша тауар қорының көлемі 499,1 млрд теңгені құраған.

Жалпы бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының үлесі - 32,3%. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесі - 67,7%. Соған қарамастан, азық-түлік тауарларының өткізілу көлемі 2017 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 5,5 пайызға азайған. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 13,4 пайызға көбейді.

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19 732,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 8,3 пайызға артық. Көтерме тауар айналымы құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басымдыққа ие болып отыр. Олардың жалпы үлесі 76,6% құрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?