Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 33 пайыздай өсті
Ал азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 27,6%, азық-түлік емес тауарлардікі 72,4% болды.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда фармацевтикалық тауарлар, мотор отыны, автомобиль, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын және электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі бөлшек саудада 1 456,2 млрд теңге болды.
2023 жылғы қаңтарда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,7%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,4%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына келеді.