Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар айында Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті

Қазақстар, азық-түлік бағасы, инфляция, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 14:59 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% болды. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады.

Бұдан бөлек, бағаның өсуі күрішке – 2,9%, ұнтақ жармасына, жаңа ауланған немесе салқындатылған балыққа – 1,8%-дан, қара бидай-бидай нанына, жұмыртқаға – 1,7%-дан, сұлы жармасына, шошқа етіне, айранға – әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс етіне, сүтке, тұзды iрiмшiкке, жемістерге, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан тіркелді.

Құмшекер 1,9% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына байқалды.

Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті.

Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш – 1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды.

Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды – 0,2%.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында – әрқайсысы 2,2%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында әрбіреуінде 1,4%-дан, ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Ақтөбе облысында – 2,8%.

2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті.

2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын – 88,5%, кеңсе тауарлары – 71,4%, пияз – 62,4%, қант – 60,9%, қияр – 55,6%, консервіленген сүт – 46,4%, ұн – 42,8%, макарон өнімдері 42,3% қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, ақ қауынды қырыққабат арзандады – 26,5%.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: