Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жыл басынан бері 19,4 пайыз өсті

Ұлттық статистика бюросы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 18:33 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы таратқан мәлімет бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ай басынан бері 0,4%, жыл басынан бері 19,4%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылдық мәнде олар 19,6%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайыздық тармаққа жоғары.ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы

Өткен апта ішінде қымбаттады:

  • күріш – 1,5;

  • жұмыртқа, І категория – 1,5%;

  • күнбағыс майы, 1 л – 1,4%.

    ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • күнбағыс майы – 884 тг/л;

  • сүзбе – 1808 тг/кг;

  • сүт, 2,5% – 317 тг/л.

 Өткен апта ішінде арзандады:

  • пияз – 3,1%;

  • құмшекер – 2,8%;

  • картоп – 1,1%.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: