Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жыл басынан бері 17,1%-ға қымбаттады

Ұлттық статистика агенттігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, азық-түлік, баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 17:55 Сурет: Zakon.kz
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, ай басынан бері 1,1%-ға, жыл басынан бері 17,1%-ға өсті. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 17,1%-ға қымбаттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 пайыздық тармаққа жоғары.Ұлттық статистика бюросы

Статистиктердің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты – тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.

ҚР бойынша орташа баға (2022 жылғы 21 маусымға):

  • сары май – 3236 тг/кг;

  • сиыр еті – 2195 тг/кг;

  • сүзбе – 1712тг/кг.

Статистика бюросының дерегінше, бір апта ішінде мына көкөністер арзандады:

  • қырыққабат – 9,3%-ға;

  • картоп – 1,5%-ға.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: