Елімізде мақта-мата өндірісі 43,6 пайыздай төмендеді
Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта-маталар сегментінде 43,6%-ға төмендеу байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заттай түрде қазақстандық мата өндірісінің көлемі 2022 жылы 11,5 млн м2 құрады, ал 2021 жылы ол 20,5 млн м2 болған.
Сонымен қатар кардо және тарақталған мақта өндірісі 10,4%-ға, яғни 48,8 мың тоннаға дейін қысқарды.
Сондай-ақ фетр және киіз шығару өндірісі 6,1%-ға (396,7 млн теңгеге дейін) төмендеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript