Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды

Оқиға Талғар ауданында орын алған.

Сурет : zakon.kz19 Желтоқсан 2018, 17:40

Талғар аудандық полициясы 25 жастағы көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, өміріне қауіп төндіріп, көлігін алып кетті деген күдікпен 25-30 жас аралығындағы 3 азаматты ұстады,- деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Талғар ауданында орын алған. 17 желтоқсан күні зардап шегуші Алматы қаласының көшесінен 3 жігітті көлігіне мінгізіп, айтылған жерге жеткізуге келіседі. Дегенмен, күдіктілер Талғар ауданының аумағына жеткенде жүргізушіні қарумен қорқытып, қол-аяғын байлап, көліктің жүксалғышына салған. Кейінірек, Жаңалық ауылының маңында жол бойына тастап кеткен.

«Аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Талғар аудандық полициясының жедел-іздестіру тобы құрылды. Іздестіру шаралары барысында аталған көлік табылып, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 азамат ұсталды. Олардың шолақ мылтығы табылып, тәркіленді және қылмыс құралы ретінде іс материалдарына тіркелді»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер