Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Астаналық прокуратура заңды бұзған компаниялардан 600 миллион теңге салық өндірді

Аталған ұсыныстың негізінде екі компаниядан бюджетке 630 млн. теңге салық өндірілді.

Сурет : elorda.info20 Желтоқсан 2018, 12:33

Астана қаласының прокуратурасы салық төлемдерін төмендету арқылы салық заңнамасын бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​«Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясының филиалы әлеуметтік және жеке табыс салықтарын төлеуден жалтарғаны белгілі болды.

​«Компанияның салық органдарына ұсынған декларациясында жалақы қорын 1 млрд. теңге деп көрсеткен, алайда еңбек саласындағы құзыретті мекеменің ақпараты бойынша көрсетілген кезеңде төленген жалақы төлемдері 4 млрд. теңгені құраған. Осылайша компаниямен бюджетке төленуге жататын салықтың көлемі 3 есе төмендетілген», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, «World Monitoring» ЖШС де бюджетке төленетін салық төлемдерінен жалтару мақсатында, іс жүзінде 136 млн. теңге құраған жалақы төлемдерін декларацияда көрсетпей, жалақы бойынша төлемдердің нөлдік қор құрағаны туралы жалған ақпарат ұсынған.

Нәтижесінде, Есіл аудандық прокуратурасы мен мемлекеттік кірістер басқармасына заңды бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Аталған ұсыныстың негізінде екі компаниядан бюджетке 630 млн. теңге салық өндірілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер