Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келді

stan.kz stan.kz
Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың үш қыз, енді екі ұлы бар.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасында үлкен қуаныш. Актер бесінші баланың әкесі атанды. Күні бүгін Тұрсынбектің жары Мөлдір ұл баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сүйінші Достар! Тұрсынбек пен Мөлдірдің шаңырағында дүниеге ұл келді! Шын жүректен құттықтаймын! Дені сау болсын! Өздерің сияқты елдің азаматы болсын! Алла тіл-көзден сақтасын!” – деп қуанышты хабарды алғаш болып актриса Айгүл Иманбаева жеткізді.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың үш қыз, енді екі ұлы бар. Естеріңізде болса, Қабатов шілде айында жұбайының жүкті екенін қызық жағдайда айтып қойған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз