Сүйінші! Сәкен Майғазиевтің төртінші перзенті дүниеге келді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 22:26 Stan.kz
Әнші қызды болды.

Бүгін қазақ эстрадасының жұлдызы, "МұзАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің төртінші перзенті өмірге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қуанышты жаңалықпен әншінің әріптестері әлеуметтік парақшаларында бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады.

"Сүйінші, инстадостар! Халықтың сүйікті ұлы Сәкен Майғазиев пен жары Динараның тағы бір xаншайымы дүниеге келді! Әділеттің қарындасы, Раяна мен Мәриямның сіңлісі бақытты, дені сау, инабатты қыз болып өссін!" - деп жазды Жанболат пен Жазира.

"Сәкен ағаның үйіндегі жеңешем "Алланың" қалауымен дүниеге қыз әкелді! Қызығын көріңіздер!" - деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: