Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астана әкімі алданған үлескерлерге көмектесудің жолын тапты

Бақыт Сұлтанов проблемалы баспаналар мәселесін үш жыл ішінде шешпек.

Сурет : sputniknews.kz9 Қаңтар 2019, 12:54

Астана әкімдігі 2022 жылдың соңына дейін барлық проблемалы нысанның құрылысын аяқтау бойынша жол картасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін қала активімен кездескен Астана әкімі Бақыт Сұлтанов құрылысы бітпеген тұрғын үйлердің проблемасына тоқталды. Оның айтуынша, қазір қалада проблемалы нысандар саны – 29.

"Алданған үлескерлердің мәселесін шешу үшін біз 2022 жылдың соңына дейін барлық проблемалы нысанның құрылысын аяқтау бойынша жол картасын әзірледік", —деді әкім.

Сұлтанов жол картасы нақты экономикалық есепке құрылғанын және таяу арада проблемалы нысандар мәселесін шешуге тырысатынын айтты.

Бұған қоса, елорда әкімі "Нұрлы жер" мен "7-20-25" тұрғын үй бағдарламаларына тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда Астанада екінші деңгейлі банктер 20,4 миллиард теңге кредитті мақұлдаған. Бұл 1400 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"7-20-25" бағдарламасы қала тұрғындарына қолжетімдірек әрі қажетті мамандарды тарту үшін бюджеттен білім, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне баспана алуға бастапқы жарна үшін 1 миллион теңге береміз. Бұл ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді", — деді Сұлтанов.

Жаңа жыл алдында сертификат түрінде алғашқы 100 субсидия бөлінсе, биыл тағы 2 мың субсидия бөлу жоспарланып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер