Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанның үш тас жолы ақылы режимге ауысты

Жол ақысын екі тәсілмен төлеуге болады.

Сурет : 365info.kz24 Қаңтар 2019, 16:49

26 қаңтардан бастап еліміздегі үш автожол ақылы режимге ауысады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтқанда, “Астана – Теміртау” (134 ш), “Алматы – Қапшагай” (42 ш), “Алматы – Қорғас” (295 ш). Көрсетілген шақырымдағы учаскелерде жол ақысын төлеу жүйесі іске қосылады.

Мұндай шара автомобиль жолдарының сапасын жақсыртып, жол апатының санын азайту үшін енгізілген еді. Автомобильшілерден жиналған қаражат инфрақұрылымды дамытуға, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары мен автожолдардың күтіміне жұмсалмақ.

Жол ақысын екі тәсілмен төлеуге болады: төлем қабылдайтын арнайы пункттерде немесе алдын ала төлеу арқылы. Екінші тәсіл арқылы төлесеңіздер, жол ақысы төлем қабылдайтын пункттермен салыстырғанда екі есе төмен болмақ.

Ақылы жолдарда қызметтік тапсырмамен жүрген арнайы техникалар мен көліктер (жедел жәрдем, өрт сөндіру және т.б.), рейсті автобустар және жақын маңдағы ауыл тұрғындарының жеңіл автокөліктері (аудан аумағынан шықпаған жағдайда) тегін жүру құқығына ие.

Сондай-ақ, жақын маңда тұратын ауыл тұрғындары бір жылға абонемент сатып алып, аудан аумағынан шыға беруге болады. Абонемент құны – 1000 теңге, төлем қабылдайтын пункттерден сатып алуға болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер