Қазақстанның үш облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет еліміздің бірнеше облысына ескерту жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.
1 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с.
2 маусымда да оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. 2 маусымда дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін.
1 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады.
1 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Сондай ақ бұршақ жаууы мүмкін.
Петропавл қаласында 1 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай мен дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.