Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

aktobegazeti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 15:33 aktobegazeti.kz
Кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.

Кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады. Бұған дейін хабарланғандай, 27 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады; тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: