Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстандағы көне қаланың бірі — Бұхара

aigak.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28 aigak.kz
Өзбекстан мемлекетінің бюджетін туристердің есебінен еселендіріп отырған Бұхарға келушілер өте көп.

2,5 мың жылдық тарихы бар аймақ туризмнің түп қазығы. 100-ден астам медресе, сəулеті айрықша мешіттер, көне ғимараттар мен бекіністер құндылығын жоғалтпаған.

Өзбекстан мемлекетінің бюджетін туристердің есебінен еселендіріп отырған Бұхарға келушілер өте көп. Сондықтан тарихи шаһарда қонақ үй тапшы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

XIX ғасырда салынған «Орхон Ибрахим» қонақ үйі. Бұл жерге кезінде Ұлы Жібек жолының көші тоқтаған. Сол жер қонақ үйге айналып, негізін жоғалтпапты.

Бұхара қаласының туристік кезеңі екіге бөлінеді. + 55 градусқа дейін көтерілетін жаз айлары мен қыс мезгілінде қонақтар саябырсиды. Ең қайнайтын кезеңі көктем мен күз. Олардың атауы бар. Алтын жəне барқыт кезеңі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Тоғыз ғасырды көрген сəулет туралы аңыз көп. Соның бірін айтып өтсек. Өз дәуірінде Қарахан əулетінен шыққан Арслан хан Уста Бахо құрылысшыға халықтың назарын аударатын ғажап ғимарат салуды тапсырады. Ұста мұны құп көріп, екі метрлі іргені қалаған соң із-түссіз жоғалып кеткен. Хан оны іздегенмен, таппайды. Арада 3 жыл өткенде құрылысшы Уста Бахо хан алдына келген. Ашулы хан дарға асуға əмір етеді. Сонда ұста жоғалудың себебін былайша түсіндірген. Кез келген ғимарат сапалы қалану үшін оның іргесі əбден жерге отыру керек. Ол үш жылдай уақытты алады. Ал, оны ханға айтқанда, ол құрылысты тоқтатпауды тапсырар еді. Сол себептен уақытша көзден таса болғанын баяндайды. Жауабына қанағат тұтқан хан жанын қалдырып, құрылысты жалғастыруды тапсырған. Міне, осындай оқиғадан соң бой көтерген мұнара үш түрлі міндетті атқарған. Бірінші, Алланың аты айтылып, азан шақырылған. Екіншісі, қауіпсіздікті сақтау үшін биіктен қала бақыланған. Үшінші міндеті Ұлы Жібек көшін өзіне тартқан. Кірпішпен өріліп салынған мұнара тарихымен де, көрінісімен де есте қалды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Мұнараның маңында Мир-Араб медресесі тұр. Сырты көксауыр кірпіштен өрнектелген, мозайкалары бар орта ғасыр архитектурасы ғажайыптың бірі. Мұнда талай ғұламалар білім алып, діни сауатын ашқан. Солардың қатарында Шешенстан Республикасының тұңғыш Президенті Ахмад Кадыров бар. Ол 1980 жылы осы медресеге оқуға түсіп, Ташкентте аяқтаған. Нәтижесінде ислам дінін ұстанаған мемлекетті аяқтандырып кетті. Діни ғимараттың өзіне тəн құпиясы бар. Құран Кəрімде 114 сүре болса, бұл медреседе сол сүрелердің атымен аталатын 114 сынып бар екен. Сонадай-ақ, жыл сайын 114 шәкірт білім ордасына оқуға қабылданып, Ислам бағытын игеріп шығады. Бұхара қаласында орны бөлек медресенің сыры осындай.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Тарихтың талайы құпияларын білген біздер рухани астанамыз Түркістанның да болашағы осылай қалыптасса екен деп армандадық. Өйткені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығы болып тұрған Түркістанның туризмін Бұхара, Самарқанд, Хиуа қалаларымен бəсекелесетіндей болуды айтты. Егер Қожа Ахмет Ясауи жатқан киелі мекен шығыс стилінде дамыса, Бұхарадан кем түспесі анық.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Таңның атысынан күннің батысына дейін тынбай еңбек ететін көршілес ағайындарымыз жібек өсіріп, өңдеуден де алға шыққан. Көз тартар орамдармен жүріп келе жатып, қол өнердің кереметін кезіктірдік. Көз майын тамызып, шыдамдылықты талап ететін кілем тоқу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бір кілемді тоқу үшін алтындай 8 ай уақытын сарп ететін Бұхараның іскер қыз-келіншектері қолөнердің қыр-сырын айтып, көне кәсіпті көрсетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Жібектен қағаз жасайтын маманды Бұхарада кезіктіресіз. Суретші Абдурашит Зикриллаевтың əулеті қыл қаламмен талай туындыны жарыққа шығарып жүрген табысты отбасы. Туристердің талғамын танитын таланттының шеберханасына кіріп, автордың көрмесін көрдік. Мұнда жібек қағазды қалай жасайтынын біліп, Бұхаралық хас шебердің өнеріне риза болдық. КСРО халық суретшісі Орал Таңсықбаевты мойындайтын, өнеріне бас иетін Абдурашит Зикриллаев əсерлі сөзімен бізді есеңгіретті. «Орал Таңсықбаев — дүниеге суретші болып туылған. Бойында Алла сыйға берген таланты бар тұлға» — деп кесіп айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Орта Азияға қатысы бар тарихи фильмдердің басым көпшілігі Бұхарадағы Арк бекінісінде түсіріледі. Егер тарихи қорғанға барып, бір айналып шықсаңыз, өзіңіз көрген кейбір кинолардың эпизодтары есіңізге түсері анық. Біздің заманымызға дейін IV ғасырда құрылысы жүргізілген алып бекіністің биіктігі 20 метр, 4,2 гектар аумақты алып жатыр. Хан əулетінің қыстық резиденциясы болған бекіністе 3000 адам тұрған. Биліктегі бай-шонжарлардың туыстарына арналған қамалда мешіт, көше, монша болыпты. Бастысы мұнда патшаның тағы тұр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Бекініске сырттан келген қонақтар мен елшілер хан алдына баруды сұранса, оны уəзірлері жолды жаттамас үшін, көшелермен шыр айналдырып алып барған деседі. Осындай құпиялармен Арк бекінісі музейінің ғылыми қызметкері Жамшид Халилов бөлісті. Қамал тарихы Отырар шайқасымен егіз. Өйткені 1219 жылы əлемді жаулап алмақ болған Шыңғыс хан Бұхараға келіп, шаһарға шабуыл жасаған. Ұйыған Бұхараны бұзып, 1220 жылдың ақпанында бекіністің күл талқанын шығарады. Бүгінде Бұхараның өткенін ұмытпай, қанды оқиғаны еске салып тұратын музей. Кіру құны 15000 сом тұратын бекініске туристер лег-легімен ағылып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Түркістан облысындағы «Отырар төбе» де осы бекіністен кем емес тарихы бар құнды орын. Егер мықтап қолға алынса, туристер шоғырланатын аймаққа айналар еді. Осындай ойға қалған біздер 1 миллион 800 мың халқы бар Бұхараның кереметтерін көріп, жадымызда естен кетпес естеліктер қалды.

Белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Бұхараның сапары» туралы жырының мəнін тереңірек ұғындық. Иə, ақын тамсанған білімнің ошағы сіздің де жүрегіңізді жаулары анық.

«Бұхара — таң қаламын барғаныма,

Өкіндім оқи алмай қалғаныма!

Дүниеден құр алақан мен барамын,

Жете алмай бұ жалғанда арманым! …» (Мәшһүр Жүсіп Көбеев)

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 15:28

Авторлары: Бағлан Байкөбекқызы, Айтолқын Молдабекова

Дереккөзі: aigak.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: