Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстандағы ақаудан Қазақстанда жарық өшті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 15:44 Pixabay
Біз технологиялық тұрғыда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көршілерімізге байланғанбыз.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның алты облысы мен Алматы, Шымкент қалаларында жарықтың аяқ астынан сөну себебін түсіндірді. Энергетика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаев Өзбекстан бізге "сыйлық жасады" дейді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

— Өзбекстан мен Қазақстанның энергия жүйелері арасында үйлесімсіздік пайда болды. Қазақстандық энергетиктер - KEGOC операторлар жүйесі жұмысшыларының арқасында 17 минут ішінде ақауды жоя алдық. Ертесінде осы облыстарда тағы екі сағат жарық болмады, бірақ ол кезде сымдар үзіліп кеткен. Қазақстан мен Өзбекстан энергия жүйелері арасында тепе-теңдіктің болмауы техникалық бөлікке және электр энергиясын тасымалдайтын материалдардарға кері әсер еткен, - деді Ноғаев.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Орталық Азияның біріккен энергия жүйесінен шамадан артық қуат келіп, электр желілерін істен шығарған. СССР кезінде құрылған бұл ұйымның құрамында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан бар. Ұйым мүшелері арасында су-энергетика мәселелеріне байланысты дау-дамайлар жиі туындайды.

- Біз технологиялық тұрғыда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көршілерімізге байланғанбыз. Кезінде біртұтас энергия жүйесі болған жүйелердің тепе-теңдігін сақтау - үлкен жауапты іс. Өзбек тарабының электр энергиясын тасымалдауды теңестіре алмауы - жарықтың өшуіне себеп болған, - деді Нұрлан Ноғаев.

Мәселеге байланысты Азаттыққа түсініктеме берген KEGOC-тың бұрынғы президенті, "Интер РАО" топ-менеджері Әсет Наурызбаевтың сөзіне қарағанда, ұйымға мүше елдердің бір-біріне тәуелді болғаны сондай бірінің станциясында ақау болса, тұтас төрт елде жарық өшеді.

— Негізі қай елдің станциясында ақау болса, сол ел тұтынушыларының энергиясын өшіруі тиіс қой. Қазір олар барлығын өшіріп отыр. Сондықтан бұл жолы көршіміз бізге "сыйлық" жасады десе болады. Ал енді Өзбекстанда атом станциясы пайда болса, ол жақта 800 емес - 1200 мегаВаттық блок пайда болады. Онда жарық өшу ауқымы ұлғаяды, яғни, егер бұрын 6 облыс өшсе, ол кезде 8 облыс өшуі мүмкін. Бұл советтен қалған мұра ғой. Қанша жыл өтсе де және амал-әдістері белгілі болса да, Қазақстан тәуелділіктен құтылу үшін әрекет еткен жоқ, - дейді Әсет Наурызбаев.

Сарапшы көрші елдермен шекарада тұрақты ток станциясын орнату керек деп санайды.

- Ол қалай жұмыс істейді? Қазір Қазақстан мен Өзбекстанды жалғап тұрған жоғары вольтты линиядағы ток - айнымалы ток. Сол себепті оларды ажырату қиын. Оларды ажырату үшін тұрақты ток станциясы керек. Тұрақты ток станциясы бар кезде токты басқару оңайға түседі. Ірі энергия жүйесін подъездегі құбырлар желісіне теңеп көрейік. Бір батарея тесілсе, барлығынан су ағады. Бірақ құбырдың шүмегі болса, тек тесілген батареяны ғана жауып тастай аласыз, яғни барлығында жылу болады да, тек тесілген батереяда да ғана жылу болмайды. Сол себепті тұрақты ток станциясын сол құбыр шүмегіне теңеуге болады. Әрине, оған өте көп ақша керек, бірақ өтеп кетеді. Тек біраз есебін шығарып, инженерлік жағына бас қатыру керек. Ең бастысы - министр осы мәселені түсінсе дейміз. Ол түсінеді деп сенімді түрде айта алмаймын, - деді Наурызбаев.

17 қарашада Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында жарық сөніп қалған болатын. Алматы тұрғындары қала орталығында бірнеше минут жарықтың болмағанын айтты. Қаланың Наурызбай, Әуезов, Медеу, Алатау, Түрксіб аудандарында электр энергиясы болмаған. Бағдаршамдар істемей, троллейбустар тоқтаған. Көлік тығыны пайда болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: