Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде студентті пышақтаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2019 16:18 liter.kz
Пышақталған студент- гуманитарлық колледждің 2 курсында оқиды, болашақ мұғалім.

Ақтөбеде жарақат алған 17 жастағы бозбалаға ота жасалып, жансақтау бөліміне түскен. Ал қылмысқа қатысы бар күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол да колледждің студенті екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Пышақталған студент- гуманитарлық колледждің 2 курсында оқиды, болашақ мұғалім. Ұстаздары өте тәртіпті, сабақ үлгерімінде мін жоқ, математик деп отыр. Оның біреумен жаға жыртыспайтыны былай тұрсын, тіпті ешкіммен сөзге келмейтінін айтады.

“Апасынан сұрағанда жездесі барды деді, оны өздері толық білмейді. Апасы, ағасы бар екен. Жағдайы жақсы деді, ішкі құрылыс зақымданбаған. Ішкі органдарынан жүр екен” – дейді Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Екібасова.

Төбелес кеше күндіз болған. Гуманитарлық колледж шәкірттері сабаққа келе жатқан екен. Полиция департаментіндегілер екі жастың сөзге келіп қалып, арты пышақтасумен аяқталғанын айтады. Суық қару 2-курс студентінің ішіне, аяғына, саусағына тиген. Қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Отадан кейін бүгін ғана жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған.

«Далада жарақат алған. Түскен кезде балаға барлық толық көмек көрсетілді медициналық. Қазір отделениеде. Жағдайы ауыр емес. Колото-резнанный жарақатпен бізге түскен. Ішкі құрылысы сау. Түскен кезде операция жасадық” – дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.

Тапа-тал түсте өзі құралпы студентке пышақ сұққан күдіктінің кім екені белгілі болды. Ол қаладағы көпсалалы колледің студенті екен. Оның да жасы 17-де. Алайда, оқу орнының басшылығы мән-жайды түсіндіріп беруге құлық танытпады. Белгілісі қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл Ақтөбедегі жыл басынан бері жасөспірімдер арасында болып тұрған үшінші қылмыс. Бұған дейін қаладағы бірнеше мектептің оқушылары бірінші курс студентін пышақпен жарақаттаған еді. Ал Шалқар қаласындағы оқиғаның соңы қайғылы аяқталып, бір оқушы көз жұмды. Қазір үш оқиға бойынша да күдіктілер ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: