Іздеуде жүрген 17 жастағы қыз Алматыдағы жезөкшелер үйінен табылды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2018 16:09 Stan.kz
Осы қылмыстық оқиға бойынша 2 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

17 жастағы бойжеткен Алматыдағы притондардың бірінен табылды. Бойжеткенді притонда жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмыстық оқиға бойынша 2 күдікті ҚР ҚК 134-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жалпы Алматы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы былтыр ҚР ҚК 128-бабы бойынша 1 адам саудасы, ҚР ҚК 125-бабы бойынша 8 адам ұрлау оқиғасын анықтаған.

«Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде 37 жеңгетайлықпен айналысу, 19 жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі анықталған. Олардың ішінде 2 қыз кәмелеттік жасқа толмаған. Жергілікті полиция қызметі ҚР ҚК 450-бабы бойынша 169 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ 238 адамды қоғамдық орындарда теріс қылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты», – деді қалалық ІІД басқарма басшысы Берік Әбілбеков.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: