Сөндірілмеген темекіге бола 90 тонна шөп өртеніп кетті

inform.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2017 21:39 inform.kz 
Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігі (бөтен мүлікті қасақана құрту) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сөндірілмеген темекінің тұқылы Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі кәсіпкерге 1 миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу және жедел іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері Павлодар облысы Луганск ауылының 26 жастағы тұрғынын қолға түсірген.

«Іздеу жұмыстарының нәтижесінде өрттің туындауына себеп болған күдікті қолға түсті. Ол қожалықтың маңында жүріп, сөндірілмеген темекі тұқылын лақтыра салған. Осының салдарынан қысқы мал азығына жиылған 90 тонна шөп өртеніп кеткен. Шаруа иесіне 1 миллион теңге залал келтірілген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігі (бөтен мүлікті қасақана құрту) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Фото: inform.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: