Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Гауһар Әлімбекова елбасыға хат жолдап, көмек сұраған

Әншінің жазбасынан алаяққа өзінің де оңбай алданғанын байқауға болады.

Сурет : Ашық дереккөздерден31 Қаңтар 2019, 15:39

Басына іс түсіп, аяқ астынан алаяқ атанған әнші-композитор - Гауһар Әлімбекова сотқа дейінгі тергеу барысында елбасыға хат жолдап, көмек сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының атына жазған хаттың суреттері әлеуметтік желілерде тарады. Өнер иесі өзінің әлдебір алаяқ әйелге оңбай алданғанын жеткізген.

Аталған хатта Әлімбекова кеше ғана үкім кесілген Феруза Ордабаева деген әйелдің айласының құрбаны болғанын айтқан.

"Оралбаева Феруза атты азаматшаны 2009 жылдан бері танитын едім. Үнемі концерттеріме келіп жүретін, өнеріме тәнті жандардың бірі болғандықтан, кейін бір-біріміздің жиын-тойларымызға қатысып, араластығымыз арта түсті. “Адам аласы ішінде” дейді ғой, қанша уақыт танысам да, ол кісінің анық қандай екенін түсінбеппін", - деп жазған Әлімбекова.

Әншінің айтуынша, ол жақсы араласып, құрбысындай болып кеткен Феруза Ордабаеваға қырықтың бел ортасына келседе, әлі күнге дейін баспанасының жоқтығын айтып мұңын шаққан. Әлгі әйел болса әкімдікте таныстарының барын айтып, мемлекеттік бағдарлама арқылы "Ақкент" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға көмектесетінін жеткізген. Алғашында сене қоймаған әнші, кейін қаладағы пәтерлерді сату құқығына ие мекеменің ресми қағаздарын көрген кезде күдігінің сейілгенін айтады. Артынша ағасымен екеуі бар жиған-тергендерін жинап, бас-аяғы 80 мың АҚШ долларын Ордабаеваның қолына ұстатқан. Осы уақыт аралығында Әлімбекова, көп жылдан бері араласып, әпкесіндей болып кеткен Бақыт Назарова деген құрбысына осындай мүмкіндіктің туып тұрғанын айтады. Айтылған әңгімеге сеніп, ол да 40 мың АҚШ долларын Феруза Ордабаеваға берген. Содан кейін көп ұзамай пәтердің кілтін алып, екі отбасы да аңсап күткен армандарына қол жеткізген. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмайды. Арадан екі жыл өткен соң пәтерлердің заңсыз алынғаны анықталып, әнші мен оның құрбысын үйлерінен қуып шыққан.

Оңбай алданған құрбысы - Бақыт Назарова, Феруза Ордабаеваны дұрыс танымайтынын айтып, сансоқты оқиғаға Гауһар Әлімбекованы кінәлаған. Содан құрбысының үстінен арыз жазып, ақыры іс сотқа жеткен.

“Аса қадірменді Елбасы, мені тығырыққа түсірген осы мәселе бойынша маған араша түсуіңізді сұраймын. Сіздің салиқалы саясатыңызды аяқасты етіп, жан ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол бергендердің заң алдында жауап бергенін қалаймын. Құқық қорғау органдары әділ заң аясында шешім шығарып, нағыз алаяқ әділ жазасын алады деп үміттенемін. Менің ендігі үмітім – тек Сізде! Мен сізге “мені қалайда ақтап алыңыз” демеймін. Тек істің ақ-қарасын айырып, әділдіктің салтанат құруын өз бақылауыңызға алсаңыз болғаны. Бүкіл елге танымал әншіні еш дәлелсіз күдікті деп тануға, заңсыз қудалауға жол бермесеңіз екен”, – деп түйіндеген хатын Әлімбекова.

Айта кеткен жөн, бұған дейін әнші-композитор - Гауһар Әлімбекованың 6 жылға сотталғаны жайлы хабаралаған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер