Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер Алматының Түркісіб ауданында жезөкшелердің 4 притонын тапты

Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 17:45 Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі
Бордель қонақ үй кешендерінің бірінде орналасқан.

Алматылық полицейлер кезекі жезөкшелер қордасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бордель Алматының Түркісіб ауданындағы қонақ үй кешендерінің бірінде орналасқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 17:45

– Қалада жүргізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" ЖПШ аясында біздің бөлімшенің қызметкерлері Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс жүргізді. Нақтылық үшін айта кеткен жөн, жол бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздардың саны айтарлықтай азайған. Осыған байланысты жол бойында орналасқан қонай үй, бар және тағы да басқа көңіл көтеру орындарында рейд жүргізуге шешім қабылданды. Қазіргі таңда ҚР ӘҚБк 450 - ғимаратты біле тұра жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін пайдалануға беру бабы бойынша бір түн ішінде интимтді қызмет көрсететін төрт қорда анықталды, - деп хабарлады Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Олардың біреуі темір жол вокзалының маңында орналасқан қонақ үй болып шықса, қалған үшеуі пәтерлерде құралған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 17:45

– Аталған орындарда болғандар адамдырдың барлығы, оның ішінде "клиенттер" де қылмыстық есеп бойынша тексеруден өту үшін ПБ жеткізілді. Айта кетерлігі, олардың арасында үш адам - қылмыстық құқықбұзушылық үшін іздеуде жүргендер болып шықты, - деді Аухадиев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 17:45

Спикер сонымен қатар, өткен түнде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алғаны үшін 28 құқықбұзушының әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, ішімдікке әуестігі бар немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша 43 адамға айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық үшін 64 адамға әкімішілік материалдар жиналды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: