Қар барысы тұзаққа түсті: Ауыл шарушылық министрлігі мұның қашан және қайда болғанын анықтап жатыр
Желіде қар барысының ұсталғаны жайлы видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роликтен көрініп тұрғандай, барысты таяқпен жерге басып, жіппен орап тастаған. Соған қарағанда оны жеке тұрғын үйдің аумағына кіргізген сияқты. Кадрларда кауфляж киіп, иығына мылтық асынған адамның барын көруге болады.
- Қазір біздер бұл видеоның қашан және қайда түсірілгенін анықтап жытрмыз. Барлығын бізден ресми ақпарат күтуге шақырамыз. Егер сіздер мұның қашан және қайда түсірілгенін білсеңіздер, бізге хабарласуларыңызды сұраймыз, - деп жазды ҚР АШМ Орман және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Кейбір желі қолданушылары видеоға пікір білдіріп, бұл жағдайдың Моңғолияда болғанын және жануардың бостандыққа шығарылғанын айтқан.
Таяуда ғана сиреп кеткен қар барыстарын құтқарға атсалысу үшін қазақстандықтарға фототұзақ сатып алу ұсынылатыны жайлы ақпарат тараған болатын. 2019 жылы қар барыстары тауда орнатылған камераларға бірнеше рет түскен еді.