Жаңалықтар тізбегі
0

Ақша табам деп Норвегияға кеткен қазақ оңбай ұрынды

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 19:05 pixabay
Норвегияда жұмыс істеймін деп басы бәлеге қалды.

Норвегияда жұмыс істейтін құрылысшылар керек деген хабарландыруды көзі шалған 45 жастағы Берік Айжанов (аты-жөні өзгертілген) бұл мүмкіндікке қуана жармасады. Айлығы – айына 2 мың евро дегенде тіпті мәз болған, деп жазады "Экспресс К".

Әлгі компанияның кеңсесі Алматыда екен. Әлі де тұр. Қажетті құжаттардың бәрін жасату үшін Берікке 3 000 евро төлеуге тура келді. Жұмыс беруші Эстония елшілігі арқылы бір жылға шенген визасын жасатып, Литва астанасына дейін билет алып береді. Вильнюсте отандасымызды күтіп алған жұмыс берушінің өкілі оны Ослоға ұшатын ұшаққа отырғызған. Билетке 90 евроны Берік өз қалтасынан төлепті.

Ослоға 11 желтоқсанда келген қазақстандық Норвегия астанасына таяу жердегі Сорумсанд қаласында құрылысқа жұмысқа тұрды. Бір айдан астам уақыт жұмыс істесе де, уәде етілген айлығы төленбейді. Алматыда құжат жасап берген компания жағдайды реттейміз деген құрғақ уәдемен тойдырады. Жалақысын көрмегені аздай, ақыр соңы ол полиция учаскесіне түсіп қалып, заң бұзушылық үшін айыпталып, депортациялау туралы үкімге тап болды. Осло түрмесінде бірнеше күн отырған Берік одан соң әуежайдың транзиттік зонасына жөнелтіліп, екі тәуліктен кейін Алматыға қайта ұшып келді.

– Бізге кешкісін Норвегияның полициясы телефон шалып, жағдайды жеткізді. Біздің азамат өзге елге барғанда уақытша консулдық есепке тұрмаған. Олар заң бұзушыны кері қайтарып жібереді. Азамат Қазақстанға келіп алған соң біз оның Норвегия жақтағы ісі бойынша ешқандай құқықтық көмек көрсете алмаймыз, – деді еліміздің Норвегиядағы істері бойынша сенімді өкіл Ілияс Омаров.

Енді Берік Айжановтың Шенген аймағындағы елдерге кіруіне тыйым салынды. Талай ақшасы далаға кетті, Норвегиядан бір тиын таппай қайта оралды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: