Алматы облысында студент екі қызды өрттен құтқарды

6 Наурыз 2019, 14:56
Сурет: Алматы облыстық ТЖД

6 наурызда күндізгі сағат 11-де Алматы облыстық ТЖД-не Талдықорған қаласының орталығындағы пәтерден өрт шықты деген хабар келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұялы телефон қосылып тұрған ұзартқыш құралдың ішінде (удлинитель) сымдардың тұйықталуы салдарынан өрт басталған. Есігі сыртынан құлыптаулы пәтер ішінде 2011 және 2017 жылы туылған екі қыз бала қалған, әке-шешесі бұл уақытта жұмыста болыпты.

Қыздардың үлкені өртті көріп, екінші қабаттағы пәтердің балконынан көмек сұрайды. Қыздың жанайқайын естіген Жетісу мемлекеттік университетінің студенті, 2000-шы жылғы Бактыбай Арман газ құбырымен екінші қабатқа көтеріліп, екі қызды терезеден сыртқа алып шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінен оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы мен 3 техника аттанды.

Балаларды құтқарған студент ерлігі үшін Алматы облыстық ТЖД тарапынан мадақталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?