Жаңалықтар тізбегі
0

"Бізде өтсінші". Катар билігінің ФИФА-ға пара бергені ашылды

112.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2019 17:18 112.ua
Катар билігінің турнир өткізу үшін пара бергені туралы көптен айтылып келеді.

Катар билігі елде 2022 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты үшін пара ретінде ФИФА-мен жалпы сомасы 880 миллион долларды құрайтын келісімшарттар жасасқан, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

The Times басылымының дерегінше, ӘЧ-2022 өткізетін елді таңдауға үш апта қалғанда "Әл-Джазира" телекомпаниясы ФИФА-мен 400 миллион долларға келісімшарт жасасқан. Оған футбол матчтарын Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада көрсету құқығы және Катар жеңген жағдайға деп 100 миллион долларлық бонус кіреді.

Сондай-ақ, ФИФА мен "Әл-Джазираның" еншілес компаниясы beIN арасында тағы 480 миллион долларға келісімшарт жасалған. Майкл Гарсия бастаған комиссия ұйымдағы коррупцияны тергеп, осы келісімшарттар туралы толық есеп беруді талап еткен, алайда ФИФА одан бас тартты. Футбол ұйымы бұған байланысты ешқандай мәлімет бермейді.

"Әль-Джазира" телекомпаниясының қожайыны Катар шейхі Хамад бин Халиф Әль-Тани.

Катардың әлем чемпионатын қабылдауына байланысты сыбайлас жемқорлық жөніндегі айыптар бұрын да тағылған. Екі жыл бойы тергеу жүргізген ФИФА айыптың бәрін жоққа шығарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: