Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында пара бергені үшін казино заңгеріне 185 млн теңгедей айыппұл салынды

Бурабай, казино, Ақмола облысы, парақорлық, казино заңгері, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 14:14 Сурет: pixabay
Ақмола облысында казино заңгері пара бергені үшін сотталды. Бұл ақпаратты Zakon.kz тілшісіне 2023 жылғы 5 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 мамыр күні Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, оған жиырма есе мөлшерде, 184,5 млн теңге айыппұл салынды. 

"Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның баспасөз қызметі сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылғанын атап өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ Шымкент қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды, оның орынбасары мен бөлім бастығы кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: