Ақтауда пара алған шендіге 28 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаев пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 30 мамырында Ақтау қалалық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаев күн панельдерін жеткізушілерден субсидия беру кезінде жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, оған 28 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, күн панельдерін жеткізушілер Шынболат Құмар, Жақсылық Аралбаев пара бергені үшін сотталып, әрқайсысына 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот «Байсырымов» ЖК иесін жалған құжаттарды ұсыну арқылы субсидия сомасын алған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу тағайындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі
Сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке 6,9 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript