Тараз қалалық сотының төрағасы бір миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 мамыр күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ведомство атап өткендей, ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript