«Антикор» Алматыда аудандық соттың қызметкерін пара алды деген күдікпен ұстады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп Әуезов ауданындағы №2 аудандық соттың қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік қызметкер осы жылдың 18 сәуірінде ұсталды, делінген Алматы қалалық сотының Facebook-тегі хабарламасында.
Ол пара алды деген күдікке ілінді.
Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу органы тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript