Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Қытайдан келетін дискілер қымбаттайды

drive2.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2019 18:41 drive2.ru
Баж салығын көтеру - қытайлық өндірушілер тарапынан болатын демпинг, жосықсыз бәсекенің жолын жабады.

Бұл дискілерге ЕЭК Алқасы бес жылға демпингке қарсы баж салығын салды, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ендігәрі Қытайдан алюминийден жасалған құйма дискілерді әкелу үшін ЕЭО қазынасына олардың кедендік құнының 33.69 %-ын құю керек болады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында хабарланғандай, баж салығын көтеру жөніндегі шешім 2018 жылы ресейлік "Литейно-механический завод "СКАД" және "КиК" мекемелерінің шағымынан соң басталған демпингке қарсы тексеру жұмыстарының нәтижесінде қабылданған екен.

Ол кезде қытайлық өндірушілердің демпингтік импорт арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасына шығын келтіргені анықталған болатын, себебі соңғы бірнеше жылда ЕЭО нарығында алюминийден жасалған дискілерді өткізу, өндіру мен сатудан түсетін табыс тым төмен деңгейде болып келген.

Экономистердің айтуынша, баж салығын көтеру қытайлық өндірушілер тарапынан болатын жосықсыз бәсекенің жолын жауып, отандық өндірушілерге қолдау көрсетеді.

Осы орайда қазіргі таңда өзге елдерден жеткізілетін алюминийден жасалған дискілерге кедендік құнының 5 %-ын құрайтын баж салығы салынатынын айта кеткен жөн.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: