Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан кетейін бе, қалайын ба

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 18:44 facebook.com
Қазақстаннан кетіп қалуға себеп болатын үшін 3 абсолютті шынайы кемшілік бар.

"Соңғы екі-үш апта бойы осы сұрақты өзіне жиі қоятындар көп шығар. Көптеген таныстарым мен достарым шетелге қоныс аударып кетті", деп жазады әлеуметтік желіде қазақтың қызы, журналист және PR-маманы Әсем Әдбримова.

"Егер сезімдерді ысырып қойсақ, Қазақстанда қалуға үш объективті себеп бар", дейді ол

1) Кеңістік

Елде адам аз, кеңістік көп. Жер бетінде адам көбейіп барады, біз осы тенденцияның жолына енді түсудеміз. Бұл әуежайларда, базарларда, туристер көп баратын жерлерде байқалады. Қарапайым адамның Токио, Париж немесе Барселонада өмір сүруі қиын, өйткені қаптаған туристердің мазаңызды кетіретіні анық. Ал Қазақстанда керек кезде жалғыз өзің оңаша бола аласың, табиғат аясында жалғыз отырып, тыныштықпен сүйсіне аласың. Кез-келген адам табиғатпен оңаша бола алады.

2) Тамақ

Біздің артта қалғанымыз соншалық, алдымыздағылар ендігі артымызда келеді екен. Табиғи таза тағамдарымыздың бағасы Батыстағыдай қымбат емес. Таза ет, топырақта өскен көкөніс, дақылдарды арзан бағамен ала аламыз. Біздің дүкенде әлі де ГМО-сыз, химикатсыз тағамдар бар. Енді, кей адамдар шынымен де дұрыс тамақтануды білмейді, бірақ ол енді әркімнің өз шаруасы.

3) Толеранттылық

Қазақстандықтар тым көнбіс: түрлі халықтарға, дінге, тілге. Қазақтар бөтен біреулерді емес, көбіне бірін-бірі сынайды. Ұят, ырым – мұның бәрі бізге ғана қатысты, өзгелерге ол жүрмейді. Бұл қоғамның дамуына, басқа да игіліктер үшін өте қолайлы.

Сөйте тұра, Қазақстаннан кетіп қалуға себеп болатын 3 абсолютті шынайы кемшілік бар:

1) Жөнсіздік

Мұны тағы сабақтастықтың жоқтығы, жүйесіздік, ретсіздік, тағы басқа сөздермен атауға болады. Саясат қандай болмасын, логика мықты болуы тиіс қой! Қоғам жайлы болып, дамуы үшін бәріне түсінікті, шынайы шаралар қажет. Бірақ бізде ол шаралар халық пен экономиканың игілігі үшін емес, бір адамға немесе жүйеге жағу үшін барын салатын нақты бір басшылардың мақсатымен үйлеспейді. Бәріміздің санамыз қисайып кеткен – министрден бастап көшедегі таксистке дейін. Интрига мен жалған ұрандарды шынайы логика мен дені сау дұрыс ақыл жеңе алмай келеді. Содан ғой, біздің шенеуніктер, әкімдіктегілер, ұлттық компаниядағылар не істеп, не қойып жүргендерін өздері де білмейді.

2) Климат

Астанада өмір сүру өте қымбат. 4 маусымға киім керек, жылуға төле, көлік қыздыру – бензин шығындау. Таза ауа жоқ – жарты жыл бойы қапырық кабинеттерде отырып, сосын ауырамыз. Ақшаңның бәрі дәрі-дәрмекке шашылады. Қаланың жанында демалатын жер жоқ, жасыл желек аз. Жел, боран, көктайғақ және шаң.

3) Білім сапасының төмендігі

Мектеп пен ЖОО – Қазақстаннан кетіп қалуға үлкен себеп, көпшілік үшін. Саяси себептермен мектепке тықпаламағаны қалмады, оқулықтағы білім шықпай жатып ескіруде. Білім сапасын бағалау мәселесі тым күрделі, білімнің сапасы үшін емес, балл жинау мен тест тапсырумен әлек бәрі. Ал білім сапасы жаңағы №1 себепке келіп тіреледі. Зардабын балалар шегуде. Ертең Қазақстанда қалудың үш себебі үшін күресетін балалар...

"Кету мен қалу себептерін жалғастыра беруге болады, келіңіз, талқылайық", – деп аяқтайды ол өзінің жазбасын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 18:44

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: