Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның сыртқы қарызы 158,8 млрд АҚШ долларын құрады

finance.tut.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 22:54 finance.tut.by
ҚР таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 млн АҚШ долларына азайып, 47,2 млрд құрап отыр.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 158,8 млрд. АҚШ долл. немесе ІЖӨ-ге қатынасы бойынша 93,1% (жыл басынан бастап 9,5%-ға жақсарып) құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

- Сыртқы борыш құрылымында 63,6%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,0% байланысты емес кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 7,8% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,6% - "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ) алып отыр, - делінген хабарламада.

2018 жылғы 4-ші тоқсанда экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен елдің сыртқы борышы 2,5 млрд. АҚШ долл. қысқарды.

Мемлекеттік сыртқы борыш жалпы сомасы 1,05 млрд. еуроны құрайтын 5 және 10-жылдық тәуелсіз еурооблигациялардың екі траншын шығару есебінен 899,1 млн. АҚШ долларына өсті.

"Банктердің" сыртқы міндеттемелері тоқсан ішінде өзгермеді, себебі бейрезиденттердің қолындағы еурооблигациялар көлемінің азаюы олардың қазақстандық банктердегі депозиттерінің өсуімен өтелді.

"Басқа секторлардың" үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 млрд. АҚШ долларына азайды, ол, негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 млн. АҚШ долларына азаю), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың "Сбербанк России" ПАО алдындағы (371 млн. АҚШ долл.) және "Қазтеміртранс" АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен орын алды.

Фирмааралық берешек ірі кен өндіруші және көліктік компаниялардың шетелдік тел ұйымдардан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1,8 млрд. АҚШ долл. қысқарды.

- Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 1,2 млрд. АҚШ долларына азайып, 2019 жылғы 1 қаңтарда 22,8 млрд. АҚШ долл. құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді, - деп атап өтті Ұлттық банк.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 млн. АҚШ долларына азайып, 47,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және "Банктер" қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болып, ал "Басқа секторлар" таза қарыз алушылар болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: