Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның алтын-валюта активтері шамамен 330 млн АҚШ долларына ұлғайды

Алтын-валюта активтері, Ұлттық банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 13:08 Сурет: Ұлттық банк
Қазанда еліміздің алтын-валюта активтері шамамен 330 млн АҚШ долларына ұлғайып, 33 млрд АҚШ долларына тең болды. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлия Молдабекованың сөзінше, АВА өсуі клиенттік қаражат пен ЕДБ қаражатының Ұлттық банктегі валюталық корреспонденттік шоттарға әкелінуіне байланысты болған.

Ол жоғарыда аталған факторлардың әсері мемлекеттік қарызды төлеумен, сондай-ақ алтын бағасы бір унция үшін 1673 доллардан 1639 долларға дейін төмендеуімен ішінара реттелгенін атап өтті.

Алтын бағасының төмендеуі нарық ойыншыларының АҚШ ФРЖ-ның "күшейту" риторикасына әсерінен туындады. Бағалы металдар нарығындағы құбылмалылық, бұрынғысынша, айтарлықтай жоғары болып қалып отыр.Әлия Молдабекова

Оның айтуынша, қазанда Ұлттық Банк халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін алтын үлесін қысқарту жөніндегі саясатын іске асыруды жалғастырды, осыған байланысты алтын тұрақты валюталарға сатылғанын атап өткен жөн.

Бұған қоса Ұлттық банк өкілі Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлеміне қазан айында қандай факторлар әсер еткенін айтып берді. Оның сөзінше, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 850 млн АҚШ долларына ұлғайып, қазан айының соңында 52,4 млрд АҚШ долларына тең болған.

Кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлу мақсатында қазан айында ішкі валюта нарығында 362 млн АҚШ долларына активтер сатылды, бұл – 171 млрд теңгеге тең. Республикалық бюджеттің қажеттілігін қанағаттандыру үшін Ұлттық қордан 327 млрд теңгеге трансферттер бөлінді.

Әлия Молдабекова қазан айында қор нарығының өсуінен жыл басынан бері құлдыраған акциялар портфелі біраз бәсеңдегенін атап өтті. Бұл ретте Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігі құрылған кезден бері жылдық мәнде 2,88% болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: