Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның алтын-валюта қоры туралы мәліметтер жарияланды

Ұлттық банк, алтын-валюта қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 13:50 Сурет: flickr
2023 жылғы 9 ақпанда ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтерінің динамикасы және олардың өтімділігін қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, алтынның бағасы өткен айда шынымен де оң динамиканы көрсетті және ақпан басында 9 айда ең жоғары деңгейге жетті. Қаңтардың қорытындысы бойынша, алтын бағасының өсуі бір унция үшін 1812 АҚШ долларынан 1905 долларға дейін 5% болды. Баға белгілеуге Федералды резерв мөлшерлемесінің өсу циклінің жақын арада аяқталуы туралы жағымды үміт қолдау көрсетті.

"Алтын бағасының өсуі, сондай-ақ, Қаржы министрлігінің валюталық шоттарына және клиенттердің корреспонденттік шоттарына қаражаттың әкелінуі есебінен қаңтардың қорытындысы бойынша алтын-валюта резервтері 35,1 млрд АҚШ долларынан 36,7 млрд долларға дейін ұлғайды".ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

ҚР Ұлттық банк өкілінің айтуынша, Ұлттық Банктің АВР өтімділігінің жоғары деңгейін ұстап тұруы өте маңызды. Осыған байланысты алтынды сыртқы нарықта долларға сату бойынша жұмыс жалғасып, осылайша резервтердің валюталық бөлігі ұлғайтылады және оны ақша нарығының жоғары өтімді құралдарына инвестицияламақ.

"2022 жылы Ұлттық банк алтын-валюта активтерін аллокирлеуді әртараптандыру және теңгерімдеу мақсатында сыртқы нарықтарда жалпы көлемі шамамен 120 тонна алтынды біртіндеп сатуды жүзеге асырды. Бұл ретте бағаның өзгеру тәуекелін хеджирлеу мақсатында алтынның бір бөлігі колл опциондар мен алтын фьючерстерін сату арқылы туынды қаржы құралдарын қолдана отырып сатылды. Туынды құралдармен операциялар бойынша жалпы пайда 191 млн доллар болды".Алия Молдабекова

Нәтижесінде  сыртқы нарықтарда алтынды сату есебінен 7 млрд АҚШ долларына валюталық активтер толықтырылып, резерв құрамындағы алтын үлесі 68%-дан 58%-ға дейін төмендетілді.

"Биыл Ұлттық банк резервтердегі алтынның үлесін азайтуды жалғастыруға ниетті: таргет Ұлттық банк резервіндегі алтын үлесінің 50-55% құрайды. Бұл сыртқы нарықтағы жағдайға байланысты болады".Алия Молдабекова


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: